Халеп пен Плишкова «Ролан Гарростың» жартылай финалына жолдама алды

Халеп пен Плишкова «Ролан Гарростың» жартылай финалына жолдама алды

Теннистен Франция ашық чемпионатының барлық жартылай финалистері белгілі болды.

Румыниялық Симона Халеп тартысты кездесуде украиналық Элина Свитолинадан басым түсті – 3:6, 7:6, 6:0. Ал франциялық Каролин Гарсия чехиялық Каролина Плишковадан айласын асыра алмады – 6:7, 4:6.

Осылайша, «Ролан Гарростың» жартылай финалында Халеп Плишковамен күш сынасса, Остапенко Бачинскимен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или