Питер Куиллин: Соңғы жекпе-жектерін қарасақ, Канело GGG-ді жеңеді
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Питер Куиллиннің пікірінше, мексикалық Сауль Альварес соңғы жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкинге қарағанда жақсы жұдырықтасты.
«Канело соңғы жекпе-жегінде тамаша өнер көрсетті. Ал Головкин фанаттар күткен жекпе-жекті көрете алмады... Сол кездесулерге қарап бағалайтын болсақ, Канелоның жеңіске жету мүмкіндігі бар, бірақ бокс бұлай жұмыс істемейді. Бұл Канело сияқты қорғанысы мығым боксшы мен күш-қуаты мол Головкиннің арасындағы шайқас. Головкин Джейкобсты ринг еденіне құлата алды, бірақ ол орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастырды. Демек, бәрін нокаутқа түсіре беру мүмкін емес», - деді Куиллин.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или