Левит пен Тищенко қайта кездесуі мүмкін
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Василий Ливит пен ресейлік боксшы Евгений Тищенконың алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
«Левит пен Тищенко Германияда өтетін әлем чемпионатының жартылай финалында кездесуі мүмкін» - деді құраманың жаттықтырушысы.
Айтжановтың айтуынша, алдағы жарыста боксшылардың әлемдік рейтингісі құралады. Ал оған дейін Тищенко 14 маусымда Харьковта өтетін Еуропа чемпионатына қатысады.
Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылғы Рио Олимпиадасында ресейлік боксшы төрешілер шешімімен Василий Левитті ұтып кеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или