Ахмедов титулдық жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегін 30 маусымда Миннеаполисте өткізеді.
Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін боксшымыз WBC тұжырымы бойынша Солтүстік Америка чемпионы титулы үшін жұдырықтасады. Қарсыласының есімі әзірше белгісіз.
Бұл оның кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегі болмақ. Бұған дейінгі кездесулерін жеңіспен аяқтады. Оның төртеуі – нокаутпен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или