Абель Санчес: GGG болмаса, Канело орта салмаққа көтерілер еді
Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің пікірінше, Сауль Альварестің ұзақ уақыт бойы толық орта салмаққа ауыспай жүруіне GGG себепкер.
«Меніңше, Канело аз уақыт орта салмақта болды. Бірақ 154-155 фунтқа сай келемін деп өзін құртып алды. Егер Головкин орта салмақта болмағанда, Альварес осы категорияға көтерілер еді. Бірақ енді Канело ұзақ уақыт бойы 160 фунтта өнер көрсетіп жүрген боксшымен кездеседі», - деді Санчес ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или