Абель Санчес: Головкин Канелоны ұтса, матч-реванш болуы әбден мүмкін

Абель Санчес: Головкин Канелоны ұтса, матч-реванш болуы әбден мүмкін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің мексикалық Сауль Альвареске қарсы кездесуі туралы айтып берді.

«Бар ойымыз – Канелоға қарсы жекпе-жекте. Орта салмақтың нағыз «патшасы» Головкин екенін дәлелдеуіміз қажет. Геннадий Альваресті ұтса, матч-реванш болуы әбден мүмкін. Біздің команда бұған қарсы емес. Мұндай үлкен жекпе-жектер боксқа керек. Егерде «Трипл Джидің» жеңісінен кейін Канело қарымта кездесуден бас тартса, біз супер орта салмақ дәрежесіне ауысамыз», - деді Санчес ESPN арнасына.  

Естеріңізге сала кетсек, Канело – Головкин жекпе-жегі 16-шы қыркүйек күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или