Геннадий Головкин әлемдегі ең танымал ТОП-100 спортшының тізіміне енбей қалды
Америкалық ESPN телеарнасы жыл сайынғы жүргізетін әлемдегі ең атақты 100 спортшының тізімінің қорытындысы жариялады. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» жазды.
Тізімді Португалия құрамасы мен испаниялық «Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду бастаса, екінші орынға баскетболшы Леброн Джеймс («Кливленд Кавальерс») лайық деп танылған. Ал, үздік үштікті Аргентина мен каталониялық «Барселона» клубының футболшысы Лионель Месси қорытындылап тұр.
Үздік ондық қатарындағы спортшылар:
4. Роджер Федерер (Швейцария, теннис)
5. Фил Миккельсон (АҚШ, гольф)
6. Неймар (Бразилия, футбол)
7. Усейн Болт (Ямайка, жеңіл атлетика)
8. Кевин Дюрант (АҚШ, баскетбол)
9. Рафаэль Надаль (Испания, теннис)
10. Тайгер Вудс (АҚШ, гольф)
Бұл тізімге екі кәсіпқой боксшы ғана енген. Олар филиппиндік Мэнни Пакьяо (59 орын) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (89 орын). Ал, WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин бұл тізімде жоқ болып шықты.
Айта кетейік, ESPN телеарнасы спортшылардың танымалдылық рейтингін түзуде әлеуметтік желідегі оқырмандарының саны, Google желісіндегі іздеу саны мен табыс сомасын есептеген.