Ковалев: Головкиннің ұтқанын қалаймын

Ковалев: Головкиннің ұтқанын қалаймын

Жартылай ауыр салмақта әлемнің экс чемпионы Сергей Ковалев қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы өткен спарринг жайлы мəліметтер айтып берді, деп хабарлайды FightHype.com сайты.

«Олардың Big Bear лагеріндегі спаррингін көргенмін. Өте қызық болды, тамаша жекпе-жек деуге болады. «Канело» қарымта соққыларға сүйенсе, GGG оны қыспақтаумен болды. Ол кезде «Канело» өте жас болды, тинейджер сияқты. Қазір ол есейді, əбден шыңдалды. Бұл оған Геннадиймен жұдырықтасқанында өте қажет болатын нəрсе», — деді Ковалев FightHype.com басылымына берген сұхбатында.<br />

Естеріңізге сала кетейік, ресейлік боксшы 16 қыркүйекте өтетін GGG — «Канело» жекпе-жегіне болжамда жасаған еді. Головкинге сенетінін және жеңіске жеткенін қалайтынын айтқан болатын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или