Шүменов рингке қайта оралады
Көк туымызды əлемдік аренада желбіретіп жүрген былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) шаршы алаңға қайта оралады, -деп хабарлайды alzhan.kz сайты
Бұл ақпаратты Шүменовтың жаттықтырушысы Тейлор Берри хабарлаған еді.
«Бейбіт алған жарақатынан айығып келе жатыр және WBA бойынша әлем чемпионы атағын осы жылы қорғайды» — деді Берри өзінің инстаграм парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші ауыр салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Бейбіт Шүменов сəуір айының 29 -жұлдызында кубалық Юниер Дортикоспен (21-0, 20 КО) кездесуі керек еді. Бейбіттің жарақат алуына байланысты бұл кездесу өтпей қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или