Шүменов осы жылы рингке қайта оралады

Шүменов осы жылы рингке қайта оралады

Қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменовтің (17-2, 11 КО) жаттықтырушысы Тейлор Берри боксшысының алдағы жекпе-жегі жайлы айтты. 

«Бейбіт алған жарақатынан айығып келе жатыр және WBA бойынша әлем чемпионы атағын осы жылы қорғайды» — деді Берри өзінің инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, бірінші ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Бейбіт Шүменов 29-шы сәуір күні кубалық Юниер Дортикоспен (21-0, 20 КО) кездесуі керек еді. Алайда қазақстандық боксшының жарақат алуына байланысты жекпе-жек өтпей қалған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или