«Қазақстан барысы - 2017» жарысында Алматының намысын кім қорғайды?
Алматы қаласында Балуан Шолақ спорт кешенінде қазақ күресінен «Алматы Барысы-2017» турнирі аяқталды. Чемпиондық белбеу үшін қаламыздың 8 ауданынан жиналған 24 балуан сайысқа түскен еді.
Финалдық кездесу Наурызбай ауданының намысын қорғап жүрген Руслан Әбдіразақов пен Бостандық ауданының балуаны Дәурен Нұралинов арасында өтті. Тартысты өрбіген белдесуде Руслан жеңіске жетті. Оған турнирдің бас жүлдесі «Лада Гранта» автокөлігі бұйырса, Дәуренге күміс белбеу мен 200 000 теңге табыс етілді.
Айта кететін жайт, қос спортшы ЭКСПО-2017 асында 3-ші шілдеде Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» турнирінде Алматы қаласының намысын қорғайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или