«Алматы Барысы-2017» турнирі аяқталды

«Алматы Барысы-2017» турнирі аяқталды

Алматы қаласында  Балуан Шолақ спорт кешенінде қазақ күресінен «Алматы Барысы-2017» турнирі аяқталды. Чемпиондық белбеу үшін қаламыздың 8 ауданынан жиналған 24 балуан сайысқа түсті.

Осы жылғы қалалық турнирге аудандық жарыстарда топ жарған, еліміздің мықты спортшылары қатысты. Олардың ішінде «Қазақстан барысы» жарысының екі дүркін жүлдегері Руслан Әбдіразақов, былтырғы «Алматы барысы» белбеуінің иегері Виктор Демьяненко, самбодан Азия чемпионы Аманғали Жартыбаев және де соңғы кезде қазақ күресінен көптеген жарыстарда атой салып, «түйе балуаны» атанып жүрген Дәурен Нұралинов те бар.

Дүбірлі доданың қола белбеуі үшін кездесуінде Виктор Демьяненко мен Алатау ауданының спортшысы Әлімжан Жұмахановпен күш сынасты. Бұл белдесудің фавориті саналған Виктор қарсыласын тізе бүктіріп, 100 000 теңге сыйақыны қанжығасына байлады.

Ақтық сын Наурызбай ауданының намысын қорғап жүрген Руслан Әдразақов пен Бостандық ауданының балуаны Дәурен Нұралинов арасында өтті. Тартысты өрбіген белдесуде Руслан тәжірибелі спортшы екенін дәлелдеп, өзінен жас балуанды ұтты.

a85be3bfb6f9c7d981685d09e26bf540.jpg

5bde199810be50f6acc633b056ad84b7.jpg

Осылайша, Руслан Әдразақов «Алматы барысы-2017» алтын белбеуінің иегері атанды. Оған турнирдің бас жүлдесі «Лада Гранта» автокөлігі бұйырса, Дәуренге күміс белбеу мен 200 000 теңге табыс етілді.

129a810f040a1ab321aa6bef7deaf56d.jpg

- Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Виктор Демьяненкоге қарсы кездесу ауыр болды. Шаршап қалдым. Бірақ соған қарамастан финалға шығып, жеңіске жете алдым. Алматы әкімшілігіне алғыс айтамын. Енді Алматы қаласының атынан республикалық турнирде бақ сынаймын, - деді жарыс жеңімпазы.

Айта кететін жайт, финалдағы қос спортшы ЭКСПО-2017 аясында 3-ші шілдеде Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» турнирінде Алматы қаласының намысын қорғайды.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или