Руслан Әбдіразақов - «Алматы Барысы-2017»
Алматы қаласы Балуан Шолақ спорт кешенінде қазақ күресінен «Алматы Барысы-2017» турнирі аяқталды.
Жарысқа қаланың 8 ауданынан 24 балуан қатысты.
Осылайша, финалдық кездесуде Руслан Әбдіразақов пен Дәурен Нұралинов кездесті. Тартысты өрбіген белдесуде Руслан жеңіске жетті. Осылайша, Әбдіразақовқа «Лада Гранта» автокөлігі және «Алматы Барысы» алтын белбеуі табыс етілді. Ал Дәуренге күміс белбеу мен 200 000 теңге берілді.
- Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Виктор Демьяненкоге қарсы кездесу ауыр болды. Шаршап қалдым. Бірақ соған қарамастан финалға шығып, жеңіске жете алдым. Алматы әкімшілігіне алғыс айтамын. Енді Алматы қаласының атынан республикалық турнирде бақ сынаймын, - деді жарыс жеңімпазы.
Осылайша, Руслан Әбдіразақов пен Дәурен Нұралинов 3-ші маусым күні Астанада өтетін «Қазақстан Барысы» турниріне қатысады.

