Келл Брук тағы ұтылды (ВИДЕО)

Келл Брук тағы ұтылды (ВИДЕО)

Осыған дейін Геннадий Головкиннен ұтылған Келл Брук IBF титулы үшін кездесуде тағы да жеңілді. 

Британиялық боксшы америкалық Эррол Спенске жол берді.

Шеффилдтегі «Брэмолл Лейн» аренасында өткен жекпе-жек 11 раундқа жалғасқан. 

Кездесудің басында Брук мықтырақ көрінді. Бірақ кейін қарсыласы таразы басын теңестірді. Тоғызыншы раундта Бруктың қабағы жарылды. Ал 10-кезеңде Спенс қарсыласын нокдаунға жіберді. 11-ші раундта төрешілер кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. 


Айта кетейік, бұл 31 жастағы Келл Бруктың екінші жеңілісі. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или