Исанова Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алды
Қазақстандық дзюдошы Гүлжан Исанова Гонконгтағы Азия чемпионатында қола медаль ұтып алды.
Жартылай финалда 78 келі салмақ дәрежесінде Исанова жапониялық Нами Инамориден ұтылып қалып, үшінші орын үшін өткен кездесуде өзбекстандық Рахима Юлдошевадан басым түсті. Естеріңізге сала кетейін, бүгін 100 келі салмақ дәрежесінде Максим Раков алтын медаль жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или