Жанқош Тұраров 21-ші жеңісіне қол жеткізді
Бока-Работеде (АҚШ, Флорида штаты) өткен бокс кешінде қазақстандық Жанқош Тұраров кезекті жекпе-жегін өткізді.
Жанқоштың қарсыласы мексикалық Густаво Гарибай болған. Кездесу 8 раундқа жоспарланды.
Боксшылар жекпе-жек басталысымен бірден алға ұмтылған жоқ. Алғашқы раундтар бір-бірін ьарлаумен өтті. Үшінші раундта отандасымыз жекпе-жекті өз қолына ала бастады. Нәтижесінде Гарибай нокдаунға түсіп қалды. Тұрар бірден соққыларды жаудырған. Рингтегі бас қазы жекпе-жекті үшінші раундтың аяғында тоқтатып тастады.
Бұл Жанқош Тұраровтың кәсіпқой бокстағы 21-ші жеңісі болатын. 15 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Отандасымыз әлі жеңілген жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или