Фируза Шәріпова салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Фируза Шәріпова салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова және ресейлік Ольга Забавина жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. 

Таразыда ресейлік боксшы қыз 58,8 келіні көрсетсе, Фируза одан 300 грамм ауыр болып, 59,1 келі салмақпен кездесуге шығатын болды.

Шәріпова үшін бұл кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жек болмақ. Бұған дейін отандасымыз бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп, бір мәрте қарсыласқа жол берген болатын. Ольга Забавина алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіліске ұшыраған.

Айта кетейік, Забавина мен Шәріпова арасындағы кездесу 27-ші мамыр күні Мәскеудің «Корстон» залында өтеді. Бокс кешін Shamo Boxing Promotions проумоутерлік компаниясы ұйымдастырып жатыр. Кештің басты кездесуі ресейлік  Максим Власов пен танзаниялық Бэнки Мвакалебэла арасында болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или