Елдос Жұмаханов - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Елдос Жұмаханов - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Қазақстандық  дзюдошы Елдос Жұмаханов Гонконгте өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.

66 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Елдос Жұмаханов алғашқы кездесуін  непалдық Бахадүр Шретшаға қарсы өткізіп, 12:0 есебімен жеңіске жетті.

Екінші раундта жерлесіміз қытайлық Жисянг Вудан айласын асырып, ширек финалға шықты.

Ширек финалда Елдос қырғыз балуаны Бектур Рысмамбетовтан басым түсті.

Жартылай финалдық белдесуде отандасымыз тағы бір қазақстандық дзюдошы Азамат Мұқановты ширек финалда ұтқан өзбекстандық спортшы Сардор Нуриллаевпен күш сынасты. Бұл кездесуде жерлесіміз қарсыласын шидо әдісімен ұтып, финалға жолдама алды.

Ақтық сында Елдостың қарсыласы 66 келідегі әлем рейтингісінің көшбасшысы кореялық дзюдошы Ан Баул болды. Елдос финалда барын сала да, азулы қарсыласы мықтылығын дәлелдеп кетті. Нәтижесінде 66 келіде сынға түскен Елдос Жұмаханов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, дәл осы салмақта тартысқа түскен тағы бір қазақстандық спортшы Азамат Мұқанов ширек финалда өзбек балуанына ұтылды. Кейін Азамат үшінші орын үшін осы өзбек спортышысы Сардор Нуриллаевпен тағы кездестіп, жеңіліс тапты.

Естеріңзге салайық, бұған дейін Отгонцэцэг Галбадрах 48 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының күміс медальін ұтып алса, Жансай Смағұлов қола жүлдегер атанды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или