Отгонцэцэг Галбадрах - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Қазақстандық дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах Гонконгте өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы кездесуін вьетнамдық Тингх Хоанг Тиге қарсы өткізіп, жеңіске жеткен еді.
Ширек финалда Галбадрах үндістандық Тери Кусумаварданиді 13:0 есебімен тас-талқан етсе, жартылай финалда жапониялық Фуна Танакиді де 11:01 есебімен ұтты.
Ақтық сында қазақстандық дзюдошы өзінің бұрынғы жерлесі моңғолиялық Уранцэцэг Мунхбатпен күш сынасты. Өкінішке қарай, Галбадрах қарсыласына жол берді.
Айта кетейік, бұған дейін жаңартылған IJF рейтингісінде Галбадрах Отгонцэцэг (48 келі) көш бастады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или