«Оқжетпес» жаңа бапкердің есімін 26-шы мамыр күні айтпақ
Владимира Мухановтың командадан кетуіне байланысты «Оқжетпес» клубының басшылығы команда тізгінін ұстайтын маманның есімін атамақ.
«Ертең біз бас бапкердің атын атаймыз. Үміткерлер қатарында Пасулько бар ма? Ия, бар», - деді «Оқжетпес» ФК директоры Юрий Бондаренко Prosports.kz тілшісіне.
Айта кетейік, өткен аптада Владимир Муханов «Оқжетпестегі» қызметінен босатылған еді. Ал бірнеше күн бұрын ресейлік маман «Ақтөбе» клубының бас жаттықтырушысы атанды.
«Оқжетпестің» бапкерлігіне үміткер украиналық маман Виктор Пасулько бұрын ҚПЛ-ның «Атырау» және «Ордабасы» клубтарында жұмыс атқарған. Шымкенттік команда Пасульконың басышлығымен Қазақстан кубогының және Суперкубогының иегері атанған. 56 жастағы бапкердің соңғы жұмыс орны италиялық «Орландина» болған.