Муханов: Смақов? Әр бапкер командасында үздіктердің болғанын қалайды
«Ақтөбеге» ресейлік маман қайта оралды. Осы орайға байланысты Владимир Муханов Prosports.kz тілішсіне сұхбат беріп, алдағы жоспарымен бөлісті.
- Владимир Васильевич, сіздің «Ақтөбемен» келіссөздеріңіз бірнеше күнге созылды. Сіз олардың ұсынысына бірден келісім бердіңіз бе?
- Жақсы күндерде ешкім ұсыныс жасамайды, ал команданың басына қиын күн туса, көбі қол ұшын бермейді. Мен командаға көмектесу үшін келісім бердім. Бұл менің туған қалам.
Келіссөздің ұзақ уақыт жалғасуына келсек, мен жұмыстан босатылуым жайлы құжатқа қол қойылуын күттім («Оқжетпестен»), сосын Ақтөбеге ұшып келдім. Қиындықтар тек техникалық жағдайларға байланысты ғана туындады.
- Келісімшартыңыздың мерзімі қанша уақытқа белгіленді?
- Кемінде бір жылға.
-Көкейіңізде Көкшетаудан қандай «дақ» қалды?
- Мен алдыма қойылған мақсатты орындадым. Сондықтан мансабыммдағы ол кезеңді қалыпты қабылдаймын.
- Смақов «Ақтөбеге» оралады деген қауесет рас па?
- Қазір ол сұраққа жауап беру қиындау болып тұр.
- Ал сіз Смақовтың келгенін қалайсыз ба?
- Әр бапкер командасында үздіктердің болғанын қалайды.
- «Ақтөбе» клубының тізгінін ұстадыңыз. Жағдайды жақсарту үшін басты назарды неге аударасыз?
- Кешенді жұмыс атқару қажет. Психология, ойын ұйымдастыру – басты факторлар. Спортшылар өз күшіне сенуі қажет.
- Клуб басшылығы алдыңызға осы маусымға қандай мақсаттар қойды?
- Мақсат – команданы тұрақты қалыпқа келтіру, команда ойыншылары өздеріне сенімді болуын қамтамасыз ету. Ал кейін болашақта биік белестерді бағындырмақпыз.
- Командаңыз жазғы трансферлік кезеңде күшейтіледі ме?
- Барлығы ол кезеңге дейін болатын команданың жағдайына байланысты.
- Сізді командадағы оңтүстік америкалықтардың басым болуы алаңдатпайды ма?
- Мені ештеңе алаңдатпайды, бразилиялықтар, америкалықтар және ирандықтар да. Маған олардың команда үшін тер төккені қажет. Егер олар еңбектенбесе, мен олармен мәймөңкелесіп жүрмеймін.