Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингісінде көш бастады
Бірінші орта салмақтағы қазақстандық кəсіпқой боксшы Қанат Ислам IBF <span>Intercontinental </span>ұйымының жаңартылған рейтингісінде көш бастады.
Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) жаңарған құрлықтық рейтингісінде отандасымыз көш басынан көрінді. Екінші орында ағылшын Ахмет Паттерсон болса, үштікті франциялық боксшы Закария Аттоу толықтырды.
Айта кететін жайт, жерлесіміз IBF рейтингісінде алтыншы орында орналасқан.
Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері Қанат Ислам 27 — мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатында кездесуін өткізеді. Қанат Ислам мексикалық боксшы Норберто Гонсалеспен кім мықтыны анықтайды. Айта кететін жайт, қос боксшы WBO NABA және WBA intercontinental тұжырымының чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Бұл бокс кешінде əлі жеңілістің кермек дəмін татып көрмеген қазақстандық кəсіпқой боксшы Жанқош Тұраровта жұдырықтасады.
Есеріңізге салайық, кездесуді «Kazsport» жəне Қазақстан ұлттық телеарналарынан 27 -мамыр күні таңғы сағат 9:00 ден бастап тікелей эфирден тамашалай аласыздар.