Абель Санчес: «Канело» мықты панчер емес
Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG-дің Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегіне қатысты өз болжамын өзгертті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
«Өткенде мен Головкин «Канелоны» 8-раундта нокаутқа жібереді дегенмін. Қазір мен өз болжамымды өзгерттім, екі боксшы арасындағы айқас «Канело» жығылғанға дейін жалғасады. Өйткені GGG Альвареске қарағанда мықтырақ, - деді Санчес ESNews-ке берген сұхбатында.
Головкиннің бапкері бұл мансапты айқындайтын жекпе-жек екендігін атап айтты.
«Канело» қарсыластарымыздың ішіндегі ең шебері болса да, оны мықты панчер деп атай алмаймын», - деп сөзін түйді Санчес.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или