Келл Брук: Головкин Альваресті нокаутпен жеңеді

Келл Брук: Головкин Альваресті нокаутпен жеңеді

Британиялық боксшы Келл Брук Канело – Головкин жекпе-жегі туралы өз пікірін айтты.

- Канело қазір бабында, Головкин болса қартайып келеді. Соған қарамастан «Трипл Джи» мықты боксшылардың қатарында. Джейкобс және маған қарсы жекпе-жектен кейін бәрі Геннадийді оңай жеңуге болады деп ойлап жүр. Алайда Альварестің оған шамасы жетпейді. Менің ойымша, Головкин Саульды нокаутпен жеңеді, - деді Брук BoxingScene.com сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, Альварес пен Головкин арасындағы жекпе-жек қыркүйектің 16-на жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или