Мейвезер, Пакьяо, Тайсон Астанаға емес, Бакуге баратын болды

Мейвезер, Пакьяо, Тайсон Астанаға емес, Бакуге баратын болды

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) 55-ші Конвенциясы Астанадан Бакуге ауыстырылғаны барлығына мәлім. Еске сала кетейін, осыған дейін бұл шара ЭКСПО-2017 қарсаңында Астана қаласында өтеді деп жоспарланған болатын.

Конвенция 2017 жылдың 1-6 қазаны аралығында Әзірбайжанның Баку қаласында өтетін болды. WBC ақпаратына сүйенсек, бұл шешімнің қабылдануына Әзірбайжанның спорт министрі Азад Рагимов себеп болған. Ал бейресми ақпаратқа сүйенсек, Иьхам Алиевтің өзі WBC ұйымының президенті Маурисио Сулейманға қоңырау шалып, «бас тартпайтын» ұсыныс жасаған.

Айта кететін жайт, бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының басшысы Ерлан Бекхожин Конвенция аясында Қазақстанға бірнеше танымал боксшылар келеді деген. Олар: Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо, Майк Тайсон, Мухаммаад Әлидің қызы Лейла Әли. Сонымен қатар, WBC тұжырымының барлық чемпиондары, көптеген жұлдыздар және Генадий Головкин.

Қазіргі таңда жоғарыда айтылған жұлдыздардың Бакуге келу-келмесі белгісіз. Алайда олардың Конвенцияға қатысуы ықтимал.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или