Санчес: Брукпен болған кездесуде Головкин жоспардан тайды

Санчес: Брукпен болған кездесуде Головкин жоспардан тайды

Абель Санчес Головкин – Брук жекпе-жегі жайлы айтып берді.

«Брукты қарусыздандыру үшін оның алдын орау керек. Залда біз одан бұрын қимылдауды үйрендік. Соққымен ғана емес, қимылмен де. Геннадий оны бірінші раундта есеңгіреткеннен кейін, оны тағы соққының астына алу үшін жоспардан тайды. Төртінші және бесінші раундта оның істеген әрекетін біз жаттығуда жасамаған болатынбыз. Бұрышта мен оған комбинациялық шабуылға ден қоюын сұрадым. Бірақ ол жанкүйерлерге ұнауы үшін соққының астына алды», — деп  Санчестің сөзін Sky Sports жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или