«Арландардың» жартылай финалдағы қарсыласы белгілі

«Арландардың» жартылай финалдағы қарсыласы белгілі

Қазақстандық «Astana Arlans» командасының Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жартылай финалындағы қарсыласы анықталды.

WSB жартылай финалында «арландар» британиялық «British Lionhearts» клубымен кездеседі. Бұл клуб екі матчтың қорытындысы бойынша франциялық «France Fighting Roosters» командасын ұтты.

Естеріңізде болса, ширек финалда «Astana Arlans» ресейлік «Patriot Boxing Team» клубынан басым түскен болатын – 3:2 және 4:1.

Жартылай финал 2-3 және 9-10 маусымда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или