


Жиырмасыншы мамыр күні Майамидегі Delray beach бокс залында алда болатын Қанат Ислам(23-0, 19 КО) мен Норберто Гонсалес(23-8, 13 КО) кездесуіне арналған баспасөз маслихаты өтті.
Үлкен бокс кешінде орта салмақта WBO NABA және WBA Intercontinental тұжырымы бойынша белбеулер сарапқа салынады.
Сол бокс кешінде қазақстандық Жаңқош Тұраров та шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы Густаво Гарибай (13-8-2, 5 КО).
Естеріңізге салсақ үлкен бокс кеші 27-ші мамыр күні Майамиде өтеді. Жекпе-жекті Қазақстан және KazSport арналары тікелей эфирден көрсетеді.


