«Арландар» жартылай финалға шықты

 «Арландар» жартылай финалға шықты
Бүгін Қарағандыда Бүкіләлемдік бокс сериясының аясында Astana Arlans ресейлік Patriot Boxing Team командасымен күш сынасты.

Алғашқы кездесуге 52 келі салмақта Олжас Сәттібаев шыққан болатын. Қарсыласы Иван Абрамовтан басым түсіп, команданы алға шығарды. Екінші жекпе-жекке Закир Сафиуллин Шахриер Ахмедовқа қарсы шықты. 60 келіде өткен айқаста қазақстандық боксшы басым түсті. Үшінші болып рингке Дмитрий Зиско ресейлік Артем Сусленковпен тартысқа түсті. +91 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте қазақстандық команданың өкілі жеңіліс тапты. 69 келіде Асланбек Шымбергеновке Шахабас Махмудов қарсы тұрған болатын. Шымберген қарсыласын айқын ұтып, командаға жеңіс сыйлады. 81 келіде Арман Рыспек қарсыласынан басым түссе, бүкіләлемдік бокс сериясында алғашқы жекпе-жегін өткізген Дмитрий Зиско қарсыласына есе жіберді. Осылайша,»арландар»  жалпы есепте 7 — 3 есебімен жеңіске жетіп, 1/2 финалға өтті.

Айта кетейік, Ресейдедің Кемерово қаласында өткен алғашқы жекпе-жекте «Astana Arlans» 3 — 2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или