Галбадрах Отгонцэцэг - «Grand Slam» турнирінің қола жүлдегері
Галбадрах Отгонцэцэг дзюдодан Екатерибург қаласында өтіп жатқан «Grand Slam» турнирінде қола жүлдегер атанды.
Қазақстандық дзюдошы қыз Галбадрах Отгонцэцэг Екатеринбургте өтіп жатқан «Үлкен шлем» турнирінде 48 келі салмақта қола жүлде үшін татами қожайыны ресейлік Наталья Комаовамен белдесіп, жеңіске жетті.
Айта кетейік, Отгонцэцэг жарыстың жартылай финалында тағы бір ресейлік спортшы Сабина Гилязоваға есе жіберіп, қола жүлде үшін белдесу мәртебесін қанағат тұтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или