Қоржынымызға екінші алтын түсті
Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында қоржынымызға екінші алтын жүлде түсті.
Азат Махметовтың ізін ала 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшымыз Тұрсынбай Құлахмет Исламиада-2017 турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалда Тұрсынбай жарыс қожайыны, Рио олимпиадасының қола жүлдегері Камран Шахсуварұлымен күш сынасқан болатын. Қарсыласының атақ даңқына қарамай жерлесіміз 5:0 есебімен айқын басымдық танытты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или