Азат Махметов - IV Ислам ынтымақтастық ойындарының жеңімпазы

Азат Махметов - IV Ислам ынтымақтастық ойындарының жеңімпазы

IV Ислам ынтымақтастық ойындарында спортшыларымыз сәтті өнер көрсетуде. Бүгін финалға шыққан боксшымыз Азат Махметов ел қоржынына алғашы алтын медаль алып келді. 

Бокстан ел намысын 52 келіде қорғап жүрген Азат Махметов Баку төрінде топ жарды. Жерлесіміз ширек финалда пәкістандық Сиед Мухаммад Асифты ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Ал жартылай финалда жерлесіміз қарсыласының жекпе-жекке шықпауына байланысты финалға өткен еді.Финалдық кездесуде қазақстандық боксшының қарсыласы мароккалық Абделали Дараа болды. Отандасымыз қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, IV Ислам ынтымақтастық ойындарының жеңімпазы атанды. 

Айта кететін жайт, бұл аталмыш жарыстағы бірінші алтын медальіміз. Бұған дейін таеквондошы Айнұр Есбергенова күміс медаль иеленді. Дзюдошылар Еламан Ерғалиев пен  Гульдана Альмуханбетова қола жүлдегер атанса, боксшылар Сұлтан Заурбек, Қуан Қуатов және Илья Очкин де жүлделі орыннан көрінген еді.

Естеріңізге салайық, IV Ислам ынтымақтастық ойындары Бакуде 12- 22 мамыр аралығында өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или