Головкин IBF марапатын алады

Головкин IBF марапатын алады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясының (IBF) марапатын алады.

Baq.kz ақпаратына сүйенсек, Халықаралық бокс федерациясы GGG-ді Джерси Джо Уолкотт атындағы наградамен марапаттамақ. Марапатты табыстау салтанаты 21-25 мамырда Сент-Питерсбергте (АҚШ, Флорида штаты) 34-ші жыл сайынғы конвенция кезінде өтеді.

Конвенцияға қатысатын қонақтар арасында кіші Рой Джонс, Роналд Райт, Нэйт Кэмпбелл мен басқа да танымал боксшылар бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или