Қанат Исламның жекпе-жегін «Қазақстан» мен «Kazsport» көрсетеді
27 мамыр күні «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары Қанат Ислам (23-0, 19КО) мен Норберто Гонсалестің (23-8, 13КО) жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы спорт телеарнасының ресми сайты хабарлады.
Біздің отандасымыз бірінші орта салмақта WBO NABA және WBA Intercontinental титулы үшін айқасады.
Бұл бокс кешіне өзге қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров та қатысады. Оның қарсыласы - мексикалық Густаво Гарибай (13-8-2, 5КО).
Қазір боксшылар Майамиде орналасқан жаттықтыру базада шеберліктерін шыңдау үстінде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или