Шарипова жекпе-жекке дайындық жүргізіп жатыр
Қазақстандық ресейлік Юлия Чернобородовамен спарринг жаттығулар жасамақ.
Фирузаның бапкері Юлиямен болған кездесуде ресейлік қыздың өзін жақсы көрсетуіне байланысты спаррингке шақырған. Екі боксшы қыз да бір кеште рингке көтеріледі.
27 мамырда Фируза өзінің бесінші кездесуін өткізбек. Оның қарсыласы әзірге белгісіз. Сондай-ақ, Шарипова 6 шілдеде Магнитогорскте өтетін бокс кешінде WBC International белдігі үшін тартысқа түседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или