Сондерс: Хурцидзені жеңбесем, Головкинді ұмытамын деген сөз

Сондерс: Хурцидзені жеңбесем, Головкинді ұмытамын деген сөз

Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс грузиялық Автандил Хурцидзеге қарсы жекпе-жегінің алдында баспасөз-мәслихатына қатысты.

«Хурцидзе 37 жаста (2 мамырда 38-ге толған болатын). Егер оны жеңе алмасам, бокстан кетіп, Головкин немесе «Канело» дегендерді ойлауды қою керек. Ол 40 жасқа жақындап қалды, үздік боксшылар қатарына жатпайды. Тіпті, менің жеті жасар ұлым да оған қарағанда жақсы жұдырықтасады!», - деді Сондерс.

Айта кетейік, Сондерс – Хурцидзе кездесуі Лондонда 8 шілдеде өтеді.

Естеріңізде болса, Сондерс маусымда Астанада Головкинмен жұдырықтасады деп күтілген. Алайда GGG Канеломен жұдырықтасу үшін аталмыш жекпе-жектен бас тартты. Бірақ кездесу әлі де жоспарда бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или