Сондерс Головкинді допинг қолданады деп айыптады
Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс WBA Super, WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинді допинг қолданады деп айыптады.
WBО чемпионының айтуынша, Головкин соңғы жекпе-жегінде допинг қолданбағандықтан ғана әлсіз көрінді.
«Шындыққа тура қарайықшы: Головкин өзінің соңғы жекпе-жегінде біз екі-үш жыл бұрын көрген «үздік» Головкин болмады. Ол қартайды, баяулай бастады. Бұл жеке менің пікірім ғана. ол 5 допинг-тест тапсырды. Сондықтан, ол өзінің ең үздік қабілетін көрсете алған жоқ, себебі ол таза жұдырықтасты», - деді Сондерс.
Айта кетейік, Геннадий Головкин сәт сайын VADA-да допинг-тесттен өтіп тұрады, ал бокс ұйымдары мен БАҚ оны басқа боксшыларға үлгі етіп жүр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или