Дәулет Ниязбеков - Азия чемпионатының қола жүлдегері

Дәулет Ниязбеков - Азия чемпионатының қола жүлдегері

Бүгін Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері сәтті өнер көрсетті. Жарыстың төртінші күні қазақ балуандары үш медаль жеңіп алды.

61 келіде өнер көрсететін Дәулет Ниязбеков намысты қолдан бермеді. Қызылордалық балуан үшінші орын үшін белдесуде кореялық Джихун Юннан айласын асырып, қола медаль иеленді.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Ақжүрек Таңатаров Дели төрінде топ жарса, 86 келіде Азамат Дәулетбеков  күміс медаль ұтты.     

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или