Ақжүрек Таңатаров – Азия Чемпионы
Бүгін Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері сәтті өнер көрсетті. Жарыстың төртінші күні қазақстандық балуан Ақжүрек Таңатаров медаль жеңіп алды.
Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Дели төрінде 70 келіде алтын алды. Жерлесіміз ширек финалда монғолиялық Хатанбатаар Даваатсеренді ұтса, жартылай финалда жапониялық Моможира Накамураны 11:7 есебімен тізе бүктірді. Финалда Ақжүрек өзбек балуаны Ихтиор Новрузовты да 11:7 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или