Сойлыбаев ТОП-25 боксшы тізіміне енді
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBC) жаңартылған рейтингіcін жариялады. Қазақстандық былғары қолғап шебері Бекман Сойлыбаев (11-0, 4KO) бұл тізімде 58,9 келі (130 фунтқа дейін) салмақта ТОП-25 боксшының құрамына кірді.
30 сәуірдегі соңғы жекпе-жегінде отандасымыз Мексикада Самуэль Гонсалесті жеңіп, WBC International белбеуіне ие болды. Жаңартылған рейтингте Бекман 25-ші орында тұр. Сойлыбаевтің ендігі қарсыласы WBC International Silve тұжырымының иегері Горацио Кабрал (18-1-0, 8КО) рейтингідегі орнын жақсартып алды. Аргентиналық боксшы 48-ші орыннан 24-ші орынға көтерілді. Қос боксшының арасындағы жекпе-жек қыркүйек айында өтеді деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Бекман кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или