Кабаеваны «өлтіру» кімге керек?
Мәскеудің орталығында қорқынышты жол апаты болды. Оның салдарынан Ресей федерациясы президенті Владимир Путиннің көңілдесі Алина Кабаева оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Pravda-v-slove сайты.
Дереккөздің айтуынша, жол апаты Мәскеу қаласында таңғы сағат 6-да Мосфильмовская көшесінді болған. Танымал спортшының «мерседес» автокөлігі қатты жылдамдықпен келіп шағын автобуспен қақтығысып, жол шетіндегі бағанаға соғылған.
Кабаева оқиға орнында көз жұмса, шағын автобустың жүргізушісі мен жолаушылары ауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. Аудан толықтай қоршауға алынған. Кейбір БАҚ өкілдері теракт болды деп болжамдауда.
Мәскеу полициясы автокөлікте Алина Кабаеваның болғанын жоққа шығаруда.
Айта кететін жайт, бұл ақпарат әлі ресми дереккөздермен расталған жоқ. Сондықтан да жалған болуы ықтимал.
Естеріңізге салайық, Алина Кабаева көркем гимнастикадан Олимпиада чемпионы, 10 дүркін әлем чемпионы және Еуропа чемпионатының 15 дүркін жеңімпазы.