Попко «Қарши» турнирінің жартылай финалында ұтылды

Попко «Қарши» турнирінің жартылай финалында ұтылды

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Өзбекстан төрінде финалға бір қадам қалғанда сүрінді.

Дмирий Попко алғашқы кездесуінде ресейлік Андрей Карацевті ұтса, екінші айналымда корт қожайыны Санжар Файзиевті екі сетте тізе бүктірді. Ширек финалда Дмитрий өзінің бұрынғы отандасы Александр Кудрявцевен кездесіп тас-талқанын шығарды. Ал Жартылай финалда жерлесіміз түркиялық Илкелден 2:1 (3:6 7:6 6:4) есебімен жеңілді.

Айта кететін жайт, тағы бір қазақстандық Александр Недовесов дәл осы Илкелден ширек финалда ұтылған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или