Жанкүйерлер Головкин мен Альварестің нокауттарын салыстырды
YouTube-тағы GOATBoxing арнасы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің нокаутттарын салыстырып, арнайы бейнебаянды жасап шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
<span>Айта кетейік, WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша төрт бірдей белбеудің иегері, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин және мексикалық Сауль «Канело» Альварестің арасындағы жекпе-жек ағымдағы жылы 16 қыркүйекте өтеді. Оған жанкүйерлердің рекордтық саны жиналады деген болжам бар. Осы жекпе-жектің жеңімпазы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) кездесуі әбден мүмкін. Ол жайында ұлыбританиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен де айтып отыр. </span>
<span>Ал Головкин мен Альварес арасындағы келісімшартқа келер болсақ, онда мексикалық боксшыға қарымта кездесуге мүмкіндік беріліп отыр. Бұл дегеніміз, Альварес ұтылса, Головкин міндетті түрде бұған келісуі тиіс. Ал қазақстандық боксшының өзі жеңіліп қалса, қарымта кездесуді талап ете алмайды. </span>
<span></span>