Америкалық БАҚ GGG мен Канелоның қарсыластарын салыстырды
Boxingnews24.com журналисі Джефф Араноу Геннадий Головкин мен Сауль Аьварестің үздік он қарсыластарын салыстырды.
«Альварестің қарсыластары Головкиндікінен анау айтарлықтай мықты емес. Меніңше, адамдар «Канелоның» қарсыластарына келгенде сәл артық айтып жатады. Ол ең үздік қалпында тұрған боксшылармен жұдырықтасқан жоқ. Иә, көптеген мықты былғары қолғап шеберлерімен кездесті, бірақ олар қартайып қалған еді. Мысалы, Шейн Мозли. Бірақ сол кезде де «Канело» 40 жастағы Мозлиден ауырлау болды.
Альварес жұдырықтасқан ең мықты қарсыластар:
1. Кіші Флойд Мэйвезер — ол „Канелоны“ жеңді
2. Эрисланди Лара — Альварестен күмәнді шешіммен жеңілді
3. Мигель Котто — оған жақын шешіммен жол берді
4. Остин Траут — бұл кездесу тең есеппен аяқталуы тиіс еді
5. Шейн Мозли — «Канеломен» жұдырықтасқанда ол 40-тан асып кеткен
6. Лиам Смит — сол кезде 154 фунттағы ең әлсіз чемпион саналды
7. Кіші Хулио Сезар Чавес — бұрынғыдай мықты болмады
8. Амир Хан — жартылай орта салмақ боксшысы, жекпе-жек кезінде өз қалпында болмады
9. Кермит Синтрон — өз қалпында болмады
10. Карлос Бальдомир — ол да бұрынғыдай мықты емес еді.
Ал GGG-дің үздік он қарсыласы мынадай:
1. Дэниэл Джейкобс
2. Давид Лемье
3. Мартин Мюррей
4. Кертис Стивенс
5. Кіші Вилли Монро
6. Марко Антонио Рубио
7. Габриэль Росадо
8. Кассим Оума
9. Дэниэл Гил
10. Келл Брук.
Шынымды айтсам, Геннадийдің қарсыластары Альварестікіне қарағанда мықтырақ деп ойлаймын. Головкиннің қарсыластары қартайған, өзінің үздік қалпын жоғалтқан боксшылар болмады. Канело болса, өз кезінде мықты болып, ал кездесу уақытында қартайған боксшылар еді. Сонымен қатар, Канело олардан ауырлау болды», - деп жазды журналист.