Недовесов «Қарши» жарысының ширек финалында сүрінді

Недовесов «Қарши» жарысының ширек финалында сүрінді

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Өзбекстандағы сапарын аяқтады.

Недовесов бірінші кездесуінде испаниялық Менендез Масейрастан айласын асырса, екінші айналымда ресейлік Козюковты ұтып, ширек финалға шыққан еді. Алайда ширек финалда жерлесімізді қырсық шалды. Ол кездесу барысында түркиялық Илкелды ұтып жатып, жеңісті қолдан беріп қойды.

Айта кететін жайт, ертең жартылай финалда екінші жерлесіміз Дмитрий Попко сол Илкелмен күш сынайды.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или