Мейрамбек Айнағұлов Азия чемпионатының финалына шықты (Видео)

Мейрамбек Айнағұлов Азия чемпионатының финалына шықты (Видео)

Нью-Делиде грек-рим күресінен Азия чемпионаты өтуде. Бүгін Дели төрінде, жарыстың екінші күні жерлестеріміз үш салмақ дәрежесінде (59, 71, 85) ел намысын қорғуауда.

59 келіде соңғы ел чемпионатының жеңімпазы Мейрамбек Айнағұлов Азия біріншілігінің финалына шықты. Ақтөбелік балуан алғашқы кездесуінде Солтүстік Корея спортшысын 8:0 есебімен ойсырата ұтты. Жартылай финалда Мейрамбек қытайлық балуанды қапы қалдырды. Ал ақтық бәсекеде отандасымыз жапониялық Фумитамен күш сынайды.

Айта кететін жайт, бүгін 71 келіде сайысқа түскен Әбунасыр Өмірзақ жарыс жолынан шығып қалды. 85 келіде Азамат Құстыбаев қола медаль үшін белдеседі. Азия чемпионатының финалдық бәсекелері Астана уақытымен сағат 18:00- де басталады.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Мақсат Ережепов Азия чемпионы атанса, Алмат Кебіспаев пен Дамир Күзембаев күміс медаль иеленді, ал Ерұлан Искаков қола жүлде жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или