Денис Лебедев: Бейбіт Шүменовтың жетістігі күмәнді
Белгілі ресейлік боксшы Денис Лебедев Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Бейбіт Шүменов пен Геннадий Головкин жайлы айтып берді.
- Алдағы жоспарларыңыз қандай?
- 10 шілде күні Екатеринбургте аустралиялық былғары қолғап шебері Марк Флэнаганмен жұдырықтасамын.
- Жеңіске жету мүмкіндігіңіз жоғары ма? <br />
- Бізге тек жеңіс керек. Бұл – спорт. Бұған қоса ауыр салмақ дәрежесі. Бәрі менің дайындығыма байланысты болады.
- Геннадий Головкинмен араласыз ба?
- Спорттық шараларда жиі кездесіп тұрамыз. Мурат Гассиевке қарсы кездесуде ол менің киім ауыстыратын бөлмеме кіріп, сәттілік тілеген болатын. Өте қарапайым жігіт екен.
- Қазақстаннан жекпе-жекке қатысты ұсыныстар түскен жоқ па?
- Менің дивизионымда Бейбіт Шүменов деген боксшы бар. Сол жігітпен кездесе алмай жүрмін. Ол үнемі менімен жұдырықтасқысы келетінін айтуда. Бірақ өзі кездесулерден жиі «секіреді». Жалпы оның жетістігі күмәнді. Бейбітпен төбелесу сәті түссе, қуана-қуана келісемін.
Фото Олег Спивактыкі