Алмат Кебіспаев Азия чемпионатының финалына шықты

Алмат Кебіспаев Азия чемпионатының финалына шықты

Үндістанның Нью-Дели қаласында грек-рим күресінен Азия чемпионаты өтуде.

66 келіде ел намысын Алмат Кебіпаев қорғауда. Үржарлық балуан ширек финалда қытайлық боз кілем шеберінен айласын асырса, жартылай финалда жапониялық Такахасимен кездесті. Жерлесіміз үшін бұл кездесу қиын болды. Алайда Алмат өзінің тәжірибелі спортшы екенін дәлелдеп, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или