Кіші Чавес: Головкиннің соққысы Альвареске қарағанда мығым
Мексикалық боксшы кіші Хулио Сезар Чавес 16-шы қыркүйекке жоспарланған Альварес-Головкин кездесуінде соққының қуаттылығы жағынан басымдық қазақстандық жағында болатындығын айтты.
«Альварес соққысымен мені таңғалдыра алмады. Себебі ол туа біткен накаутер емес. Мен оның соққыларын сездім, бірақ ол соққылар маған айтарлықтай зақым әкелген жоқ. Ал Головкин болса ауыр соққылар жұмсай алады. Оның соққылары Канелоға қарағанды мығымырақ. Алайда Головкинде мексикалық стиль жоқ», - деген кіші Чавестің сөзін Boxingscene.com сайты келтіреді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или