Кіші Чавес: Головкиннің күш-қуаты Канелодан мықтырақ

Кіші Чавес: Головкиннің күш-қуаты Канелодан мықтырақ

Мексикалық кіші Хулио Сезар Чавестің ойынша, Геннадий Головкин Сауль Альварестен мықтырақ.

«Головкиннің қолы ауыр. Канелоға қарағанда әлдеқайда ауырлау. Мексикалық стилі болмаса да, Головкиннің күш-қуаты Канелодан мықтырақ», - деді Чавес Fox Deportes-ке берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, 6 мамырда кіші Чавес Альвареске төрешілер шешімімен жол берген болатын. Бұл кездесуден соң Канело мен Головкин жекпе-жегі ресми түрде жарияланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или